Оралда жылу құбыры жарылды

99

Бұл туралы "Жайықжылуқуат" АҚ хабарлады.  

Оралда жылу құбыры жарылды Фото: Жайықжылуэнерго АҚ/instagram

Орал қаласында жылыту маусымына дайындық барысында гидравликалық сынақтар жүргізіліп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Компанияның хабарлауынша, 28 тамызда М.Жүнісов көшесі бойындағы № 7 магистральдық құбыр желісінде сынақ жүргізу барысында апат болды.

 – Диаметрі 530 мм құбыр жарылып, жылу желісі зақымданды. Қазіргі уақытта апатты жою және жылу жүйесін қалпына келтіру мақсатында құбырды ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады ведомстводан.

"Жайықжылуқуат" АҚ осыған дейін 25-29 тамыз аралығында гидравликалық сынақтар жүргізілуіне байланысты ыстық су беру уақытша тоқтатылатынын әлеуметтік желі арқылы хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу