Оралда жылу магистралін жаңғырту аяқталды

91

Жұмыстар 2025–2029 жылдарға арналған "Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында іске асырылып отыр.  

Оралда жылу магистралін жаңғырту аяқталды Фото: ҚР Энергетика министрлігі

Энергетика министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық департаменті алдағы жылыту маусымына дайындық аясында электр және жылумен жабдықтау нысандарына мониторинг жүргізіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл жұмыс аясында жылу желілерінің дайындығына, жөндеу жұмыстарының іске асырылуына, сондай-ақ тұтынушыларды жылумен сенімді қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады.

Орал қаласында ТМ-6 жылу магистралінің Гагарин және Ружейников көшелерінің қиылысындағы 1-ші нүктеден ТК-Б жылу камерасына дейінгі учаскесін реконструкциялау аяқталды.

Реконструкция барысында жерүсті тәсілмен тартылған 1,82 шақырым жылумен жабдықтау құбыры ауыстырылды. Оның орнына диаметрі 530 мм (2Д530) алдын ала оқшауланған құбырлар орнатылды.

Жобаны іске асыру жылумен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға, жылу шығындарын азайтуға және қаланың жылу инфрақұрылымын жаңартуға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу