Оралдықтардың банктерге қарызы 34 миллиард теңгеден асты

1005

Оралдықтардың банктерге қарызы 34 миллиард теңгеден асты

Қазір кез-келген затты несие арқылы рәсімдеушілер көбейген. Есесіне оны дер кезінде қайтармайтындар да азаймай отыр. Бұл туралы Ұлттық банк өкілдері айтты, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Ақтөбе облысының тұрғындары несие рәсімдеуден республика бойынша 3-ші орында тұр. Мәселен, былтыр өңірде 321 миллиард теңгеден асатын несие рәсімделіпті.

"Бұл 2016-ыншы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 58 пайызға көп", - дейді Ұлттық банктің аймақтағы өкілі.

Олардың дерегінше, өнеркәсіп, сауда және құрылыс салалары бойынша рәсімделетін несиелер артқан. Есесіне банктерге қайтарылмай отырған берешек көлемі де аз емес екен. 
"Облыс бойынша несиелік берешектер 2017 жылдың желтоқсан айының соңында 312, 9 пайызды құрады. Оның ішінде 24 миллиард теңге мерзімі өткен берешектер болып саналады. Немесе барлық несиелік берешектердің 7 пайызын құрап отыр. Негізгі несиелік берешектердің ең үлкен үлесі, ең үлкені ұлттық валютадағы несиелік берешектер 6,7 пайызға көбейген", - дейді . ҚР Ұлттық банкі Ақтөбе облыстық филиалының бөлім басшысы Маркон Қуатбаева.

Ал оралдықтардың өткен үш айда банктерден алған несиесі 34 миллиард теңгеден асқан. Бұл былтырғымен салыстырғанда 36 пайызға көп.

"Мұны халықтың кредитті төлем қабілеттілігінің артуы деп ойлаймыз. Себебі әл-ауқаты көтерілген сайын кредитті төлеу мүмкіндігі де көтеріледі. Мемлекеттің қаржылық құралдарымен қамту шараларының көбейтуімен де байланысты", - дейді "ҚР Ұлттық банкі" РМК БҚФ бөлім басшысы Еркебұлан Аханов.

Дегенмен алған несиесін қайтаруға асықпайтындар да бар. Олардың қарызы бүгінгі күні 8 миллиард теңгеден асыпты. Дегенмен сот орындаушылары 2000-шы жылдарға қарағанда тұтыншылардың банк алдындағы жауапкершілігі артқан деп отыр.

"Егер 2006 жылы сот орындаушыларында 200 акт болса, 2010 жылы ол екі мыңға дейін артқан. Ол кезде тұрғындар несиені қайтару керектігіне онша мән бермеген еді. Қазір борышкерлердің қара тізімі көп нәрсеге шектеу қояды. Сондықтан бүгінде тұрғындардың көбі бұл тізімге енбеу үшін өзінің несиені қайтару қабілетін әбден барлаған соң ғана алады", - дейді Петропавлдағы жеке сот орындаушысы Анар Қарабалинова.

2018 жылдан бастап жеке сот орындаушылары мен банктер арасында борышкерлердің ортақ базасы құрылды. Бұдан былай қара тізімге енген тұрғындардың барлық қаржылық операцияларына бірден тұсау салынады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу