Ораза айт барша қазақстандықтарды біріктіретін мереке – Нұрсұлтан Назарбаев

615

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  Ораза айт мерекесімен құттықтады. Құттықтау мәтіні оның ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ораза айт барша қазақстандықтарды біріктіретін мереке – Нұрсұлтан Назарбаев

"Құрметті отандастар!

Сіздерді Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Ұлық мереке әрбір шаңыраққа шаттық, жақсылық пен молшылық әкелсін.

Ораза айт – бейбітшілік пен бірлікке үндейтін исламның сан ғасырлық қастерлі дәстүрлерінің символы.

Мейірімділік, рухани тазару, ізгі істер жасау – барлық ұлт пен дін өкілдеріне тән қасиет. Қазақстан халқын осы құндылықтар ұйыстырады. Сондықтан да Ораза айт шын мәнісінде барша қазақстандықтарды біріктіретін мереке болып саналады.

Өзара сыйластық пен келісімге негізделген осы игі дәстүрлерді барынша нығайта беруге шақырамын.

Ораза Айт мейрамында баршаңызға зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін!

Айт қабыл болсын!"

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу