OrdaMed компаниясының басшысына іздеу жарияланды

292

Арнайы порталда тиісті ақпарат пайда болды. 

OrdaMed компаниясының басшысына іздеу жарияланды Фото: dlimbetov.com

Ұлттық қауіпсіздік комитеті "OrdaMed" АҚ басқарма төрағасы Еркін Ділімбетовке іздеу жариялады. Тиісті ақпарат Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында пайда болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Белгілі болғандай, іздестіру жарияланған іс 28 қаңтарда Астанада тіркелген. Оған Ұлттық қауіпсіздік комитеті бастамашылық еткен. Бүгінгі таңда іздеу шараларын комитеттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі жүргізуде.

"Ділімбетов Еркін Тұрмұхамбетұлы. 44 жаста. Қазақстан азаматы. Іздестіру ісі 2026 жылғы 28 қаңтарда Астанада тіркелді", – делінген мәліметте.

Айта кету керек, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті "OrdaMed" басшылығын ұстағанын жазғанбыз. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу