Орман өрт сөндіру стансаларының қызметкерлері өртке қарсы киіммен қамтамасыз етіледі

607

Тиісті қаулыға ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайылов қол қойды.

Орман өрт сөндіру стансаларының қызметкерлері өртке қарсы киіммен қамтамасыз етіледі Фото: gov.kz

Құжатқа сәйкес Үкімет резервінен табиғатты қорғау және орман мекемелерінің орман өрт сөндіру стансаларының қызметкерлеріне өртке қарсы киім сатып алуға 918 млн теңге көлемінде қаражат бөлінеді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бұл 30 табиғатты қорғау және 16 орман мекемесінің қызметкерлерін механикалық жарақаттанудан, гипотермияның, агрессивті сұйық құрамдардың, жоғары температураның әсерінен қорғауға, жұмысшылардың бастарын соққыдан сақтауға, сондай-ақ басқа механикалық әсерлерден қосымша қорғау үшін өртке қарсы киіммен жабдықтауға мүмкіндік береді деп көзделуде", делінген хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу