Ресейдің 4 өңірінде төтенше жағдай жарияланды

141

Якутияда 8,4 мың гектардан астам аумақтағы 24 орман өртімен күрес жүріп жатыр. 

Ресейдің 4 өңірінде төтенше жағдай жарияланды Фото: Якутия.Инфо

Өрт Верхоян, Горный, Жиган, Кобяй, Ленск, Мирный, Олекмин, Оленек, Сунтар, Среднеколым, Татта, Усть-Алдан және Чурапча аудандарында тіркелген. Оларды сөндіруге 520 адам мен 24 техника жұмылдырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мирный ауданында төтенше жағдай жарияланса, тағы бірнеше ауданда ерекше өртке қарсы режим енгізілген.

"Авиалесоохрана" дерегінше, 2024 жылы Якутияда табиғи өрттер 3,25 млн гектарды шарпыған. Өңір Ресейдегі ең өрт қауіпті аймақтардың бірі саналады.

Сондай-ақ, соңғы тәулікте Ресейдің 9 өңірінде 18 өрт сөндірілді. Қазір тағы 7 өңірде 37 орман өртімен күрес жүргізілуде. Жалпы, 1 406 адам, 114 техника және 17 әуе кемесі жұмылдырылған. Мониторингке 78 әуе кемесі тартылды.

Қазіргі таңда Ресейдің 4 өңірінде төтенше жағдай режимі, 58 өңірінде ерекше өртке қарсы режим, ал 87 өңірінде өрт қауіпті маусым енгізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу