Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы тағайындалды

367

Бұл қызметке Данияр Тұрғамбаев келді.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы тағайындалды Фото: primeminister.kz

Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ҚР экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Данияр Ғалымұлы Тұрғамбаев ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Данияр Тұрғамбаев 1987 жылы 19 қаңтарда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін "аңшылық тану және аң шаруашылығы" мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдарда Қонаев атындағы университеттің "қаржы" және "заңтану" мамандықтарын бітіген. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласында 2010 жылдан бастап жұмыс істейді, еңбек жолын орман "Алтын емел" МҰТП-де маман болып бастаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу