Алматыдағы Ботаникалық бақта орман шаруашылығы саласының дамуына және еліміздің табиғи байлығын сақтауға елеулі үлес қосқан екі ардагерге мемлекеттік наградалар табысталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Экономика ғылымдарының докторы, профессор Сәбит Байзақұлы Байзақов "Парасат" орденімен, ал орман шаруашылығы саласының ардагері Жәнібек Бисенғалиұлы Жұбаниязов "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды.
Сәбит Байзақов ұзақ жылдар бойы орман шаруашылығы ғылымы мен білімінің дамуына үлес қосып, ғылыми зерттеулер жүргізумен және білікті мамандар даярлаумен айналысқан.
Ал Жәнібек Жұбаниязов орман шаруашылығы саласында көп жыл еңбек етіп, кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігінің арқасында құрметке бөленген.
Мемлекеттік наградалар ардагерлердің салаға сіңірген еңбегі мен табиғи байлықты сақтауға қосқан үлегіне көрсетілген құрмет болды.