Орманға барсаң айыппұл арқалайсың

1402

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары тоғайда тыныққаны үшін айыппұл арқалайтын болады, деп хабарлайды Atameken Business.  

Орманға барсаң айыппұл арқалайсың

Әкім азаматтарға орманға баруға тыйым салды. Қаулы мамырдың 24-і күшіне енеді. Құмар Ақсақалов орман өртімен осылайша күресуді шешкен. Бұған  жақында ғана Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарында орын алған алапат апаттар себеп болған. Айта кетейін, Солтүстік Қазақстан орман көлемі бойынша елде 7-ші орында. Жаңа қаулыны пысқырмағандарға 67-ден 135 мың теңгеге дейін айыппұл салынады. Теріскейліктердің арасында әкімнің бастамасына қарсы шығып жатқандар баршылық. Тұрғындар бұл еркін жүріп-тұру бостандығын шектеу деп наразы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу