Ормуз бұғазы жаһандық азық-түлік дағдарысын тудыруы мүмкін – БҰҰ

173

БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы (ФАО) дабыл қағып отыр.    

Ормуз бұғазы жаһандық азық-түлік дағдарысын тудыруы мүмкін – БҰҰ Фото: esquire.kz

Ормуз бұғазындағы жағдайға байланысты жаһандық ауыл шаруашылығы және азық-түлік дағдарысының қаупі туралы ескертті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Қазақпарат" агенттігіне сілтеме жасап.

ФАО-да Ормуз бұғазындағы ұзаққа созылған тұрақсыздық әлемдік азық-түлік дағдарысына әкелуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Ұйымның бағалауынша, осы стратегиялық бағыт арқылы ауыл шаруашылығы ресурстары экспортының 20%-дан 45%-ға дейінгі бөлігі өтеді. Сонымен қатар Парсы шығанағы өңірі тыңайтқыш жеткізуде маңызды рөл атқарады.

ФАО-ның бас экономисі Максимо Тореро азық-түлік бағасының күрт өсуі мен тапшылық қаупі туралы ескертті. Бұл әсіресе тыңайтқыштар мен энергия тасымалдаушылар импортына тәуелді ең кедей елдерге қатты әсер етуі мүмкін.

Оның айтуынша, жағдай ушыға түссе, салдары пандемия кезеңіндегі дағдарыспен тең болуы және Эль-Ниньо сияқты ауа райы құбылысымен нашарлауы мүмкін екенін атап өтті.

Экваторлық Тынық мұхитындағы жерүсті суларының жылынуына әкеп соғатын Эль-Ниньо құбылысы 2026 жылдың соңына дейін үдеуі мүмкін. Сарапшылар бүкіл әлемде су тасқыны, құрғақшылық және рекордтық жоғары температура болуы мүмкін екенін ескертеді.

Айта кетейік, Иран мен АҚШ Пәкістандағы келіссөздерде соғысты тоқтату туралы келісімге келе алмады.

АҚШ президент Дональд Трамп Иран порттарына теңіз блокадасын енгізді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу