Ормуз бұғазында ірі көлемде мұнай төгілді

187

9 қыркүйектен бері ластанған аумақтың көлемі екі есе ұлғайған.  

Ормуз бұғазында ірі көлемде мұнай төгілді Фото: Greenpeace журналы

Ормуз бұғазының шығысында аумағы 400 шаршы шақырымға дейін жететін ірі көлемде мұнай төгілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы спутниктік түсірілімдер мен Greenpeace экологиялық ұйымының деректеріне сүйеніп, немістің Der Spiegel журналы жазды.

Алдын ала болжам бойынша, мұнай Зимбабве туы ілінген танкерден төгілген. Қазір мұнай ашық теңізге қарай жылжып барады. Басылым 5 қыркүйекте америкалық әскери күштердің Иранға тиесілі үш мұнай танкеріне шабуыл жасағанын жазған.

Ал, 8 қыркүйекте АҚШ-тың Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) америкалық әскерилердің Иранның 5 мұнай танкерін жойғанын хабарлады. Қолбасшылықтың мәліметінше, Оман шығанағындағы "Kaviz", "Charminar", "Horizon 1" және "Riesco" танкерлері, сондай-ақ Харг аралының маңындағы "Derya" кемесі нысанаға алынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу