Ормуз бұғазында мұнай танкеріне шабуыл жасалды

369

Сұлтанаттың Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Панама туын қадаған коммерциялық кеме бұғаз арқылы өтуге әрекет ету кезінде шабуылға ұшыраған.  

Ормуз бұғазында мұнай танкеріне шабуыл жасалды Фото: telegraph.uk

Ормуз бұғазының Оман жағасына жақын маңда тағы мұнай танкеріне шабуыл жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Соққы салдарынан өрт шыққан. Оманның әскери-әуе күштері 10 экипаж мүшесін шұғыл құтқару операциясын өткізді.

Экипаж мүшелері әуе көлігімен Мусандамдағы Хасаб ауруханасына жеткізіліп, медициналық көмек алды. Борттағы 19 адамның 17-сі Үндістан азаматы болып шықты. Бұл туралы Үндістанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

Оман сұлтандығына қарасты министрлік шабуылдың сипатын, эвакуацияланған экипаж мүшелерінің жағдайы және оқиғаға кімнің жауапты екенін нақтылаған жоқ.

Оқиға Парсы шығанағын Оман шығанағы және Араб теңізімен байланыстыратын, сондай-ақ Иранға қараған Оман жағалауының тұсында орналасқан теңіз жолында орын алды. Бұл жер АҚШ пен Иран арасындағы текетірестің орталығына айналып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу