Ормуз бұғазының маңында Apache тікұшағы апатқа ұшырады

329

Әуе кемесі АҚШ-қа тиесілі.  

Ормуз бұғазының маңында Apache тікұшағы апатқа ұшырады Фото: independent.co.uk

Бұл туралы inbusiness.kz сайты The New York Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Құны ондаған миллион доллар тұратын әскери техниканың Иран тарапынан атып түсірілгені немесе техникалық ақауға байланысты апатқа ұшырағаны әзірге белгісіз.

Иран мен Израиль арасындағы өзара соққылардан бір күн өткен соң, Ормуз бұғазы маңында АҚШ армиясының Apache шабуылдаушы тікұшағы құлады.

The New York Times басылымының мәліметінше, тікұшақтағы 2 экип мүшесі аман, олар құтқарылған.

Қазір оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр. Әзірге АҚШ Орталық қолбасшылығы мен Мемлекеттік департамент бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу