Ормуздағы кемелерді қорғау шарасы тоқтады

182

Бұған дейін Иран билігі бекітілмеген бағытпен жүретін кемелердің қауіпсіздігіне кепілдік бермейтінін ескерткен болатын.

Ормуздағы кемелерді қорғау шарасы тоқтады Фото: Reuters

БҰҰ-ның Халықаралық теңіз ұйымы Ормуз бұғазы арқылы өтетін азаматтық кемелерге көрсетілетін қауіпсіздік шараларын уақытша тоқтатты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұған Оман шығанағында Сингапурдың жүк кемесіне жасалған шабуыл себеп болды. 

Reuters агенттігінің хабарлауынша, АҚШ бұл оқиғаға Иранның қатысы болуы мүмкін деп отыр. Қазір мамандар аймақта теңіз қатынасының қаншалықты қауіпсіз екенін қайта бағалап жатыр.

Қазіргі уақытта Ормуз бұғазында 1200 жүк кемесі қаңтарылып тұр. Бұл көліктерге 125 миллиард доллардың тауары тиелген. Мұны Reuters агенттігі Халықаралық теңіз ұйымына сілтеме жасап хабарлады. Бұдан бөлек Парсы шығанағы аумағында 11 мыңнан астам теңізші қалып қойған. Allianz Commercial сақтандыру фирмасының есебіне жүгінсек, Иран мен АҚШ түпкілікті келісіп, Ормуз бұғазы біржола ашылғанның өзінде кеме қатынасы дұрысталуы үшін біраз уақыт керек.

Мамандардың бағалауынша, қаңтарылып тұрған кемелер қазірдің өзінде бұғаздан шығып кету үшін оңтүстік немесе солтүстік бағытпен жүрсе болады. Бірақ, қауіп әлі сейілмеген. Барлығы Вашингтон мен Тегеран арасындағы келіссөздің қалай өрбитініне қарап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу