"Өрт дабылы": Астана әуежайы шұғыл хабарлама жариялады

335

Бүгін сағат 12:00-ден 16:00-ге дейін жоспарлы техникалық жұмыс жүргізіледі.

"Өрт дабылы": Астана әуежайы шұғыл хабарлама жариялады Фото: Sputnik / Абзал Калиев

Астана әуежайы өрт қауіпсіздігіне байланысты шұғыл хабарлама жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әуежайдың баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сүйенсек, бүгін сағат 12:00-ден 16:00-ге дейін Астана халықаралық әуежайының 2-терминалында (T2) өрт дабылы жүйесіне қатысты жоспарлы техникалық жұмыс жүргізіледі.

"Осы уақыт аралығында өрт дабылының қысқа мерзімге қосылуы мүмкін. Жолаушылардан және әуежай қызметкерлерінен түсіністікпен қарауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу