Өрт сөндіруші тазы баптап, ұлттық дәстүрді дәріптеп жүр

246

Оның сегіз тазысының бірі республикалық жарыста жеңімпаз атанған.  

Өрт сөндіруші тазы баптап, ұлттық дәстүрді дәріптеп жүр Фото: Бейнежазбадан

Қарағанды облысының аға өрт сөндірушісі Азамат Төкешов қызметінде адамдардың өмірін құтқарса, бос уақытында тазы баптап, бүркітпен саятшылық құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол тазы баптаумен 2018 жылдан бері айналысады. Бүгінде оның сегіз тазысы бар. Солардың бірі Желқара "Құмай тазы" республикалық жарысында жеңімпаз атанған.

Осылайша, өрт сөндірушінің кәсіби қызметі, жеке қызығушылығы мен ұлттық дәстүрге деген құрметі бір арнада тоғысып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу