Өрт сөндірушілер алты баланы аман алып қалды

Олар балаларды подъезден шығарып үлгерді. 

Өрт сөндірушілер алты баланы аман алып қалды Фото: ТЖД баспасөз қызметі

Павлодар қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды. Олардың ішінде балалар да бар, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

13 маусым күні сағат 00:37-де "112" пультіне Геринг көшесі, 13 мекенжайындағы бес подъезді үйді түтін басқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына төтенше жағдай қызметінің 11 қызметкері төрт көлікпен жетті. Белгілі болғандай, бірінші қабатта ағаштан жасалған қабырға, есік отқа оранған. Қызыл жалын шарпыған аумақ – шамамен 6 шаршы метр. 

"Өрт сөндірушілер подъезден 10 адамды эвакуациялады. Төрт бала мен бір ереек адамды көтеріп шығарды. Одан бөлек, жедел-құтқару отрядының қызметкерлері екінші қабаттан баспалдақ арқылы төрт адамды, оның ішінде 2 бала және үшінші қабаттан тағы бір адамды сыртқа шығарды", - деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі. 

Өрттің салдарынан бес велосипед, екі балалар арбасы мен интернет, электр желілеріне зақым келді. Өрт сағат 01.04-те толығымен сөндірілді. Қазіргі уақытта оның шығу себебі мен шығын анықталуда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу