Елордада өрт сөндірушінің атына көше берілді

555

2010 жылы 17 ақпанда болған тұтанған отты өшіру кезінде қаза тапқан өрт сөндірушілердің бірі Саят Абеевтің атына Астанада көше берілді. 

Елордада өрт сөндірушінің атына көше берілді Фото: gov.kz

Астанада Құтқарушылар күніне орай елордалық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Саят Сапарбекұлы Абеевтің есімі берілген көшеге естелік тақта орнатылды, деп жазады inbusiness.kz 

Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің дерегінше, ол 2010 жылы 17 ақпанда азаматтық қорғаныс мүліктері сақталған бомбапанада тұтанған өртті сөндіру кезінде қайтыс болған үш  өрт сөндірушінің бірі. Еске алу іс-шарасы аясында Саят Сапарбекұлының туыстары, азаматтық қорғау органдары ардагерлері, мен  ТЖД қызметкерлері ағаш отырғызды. 


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу