Орта Азиядағы ең ірі сүт фермасы Солтүстік Қазақстанда салынып жатыр

238

Олардың сыйымдылығы 400-ден 1 500 малға дейін жетеді. 

Орта Азиядағы ең ірі сүт фермасы Солтүстік Қазақстанда салынып жатыр Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің айтуынша, қазіргі уақытта 19 сүт кешенінің 11-і аяқталып, іске қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жаңа сүт фермаларының барлығы өнеркәсіптік сипатқа ие, олардың сыйымдылығы 400-ден 1 500 малға дейін жетеді. Фермалар толық қуаттылыққа шыққанда қосымша 70 мың тонна сүт өндіріліп, 500 жұмыс орны ашылады", – деді Ғ.Нұрмұхамбетов Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде.

Өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу көлемін арттыру үшін инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр.

"Зенченко және К" серіктестігі жылына 13 мың тонна майлы дақылдарды өңдеу цехын салып жатыр және жұмыс істеп тұрған сүт зауытын кеңейтуде. Бұл өңдеу қуатын 1,5 есеге арттырып, жылына 54 мың тонна сүтке дейін жеткізеді. Оған қоса, серіктестік 8 мың малға арналған сүт фермасы құрылысын бастады. Бұл кешен елімізде ғана емес, Орталық Азиядағы ең ірі кешен болмақ", – деді СҚО әкімі.

Сонымен бірге, "Евразиан милк" ЖШС қоюландырылған сүт цехтың салып жатыр, бұл өндіріс қуатын жылына 92 мың тонна шикізатты өңдей алады.

"Аталған жобаларды іске асыру майлы дақылдарды өңдеу үлесін арттыруға, сондай-ақ дайын сүт өнімдерінің өндірісін жылына 370 мың тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді", – деді Ғ.Нұрмұхамбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу