Орта білім беру қызметтері бір жылда 7,2%-ға қымбаттады

393

Сектордағы қызмет көлемі бір жылда 18%-ға өскен. 

Орта білім беру қызметтері бір жылда 7,2%-ға қымбаттады Фото: inbusiness.kz

Биылғы екінші тоқсанның қорытындысы бойынша елімізде негізгі және жалпы орта білім беру секторындағы қызмет көлемі 782,8 млрд теңгеге жетті. Бұл былтырғыға қарағанда 17,5%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Сектордағы қызметтердің барлық көлемі бюджет есебінен қамтамасыз етілген: 754,2 млрд теңге. Халық есебінен – 25,8 млрд теңге, кәсіпорындар есебінен – 2,8 млрд теңге.

Республика бойынша қызметтердің ең көп көлемі Түркістан облысына тиесілі: 94,9 млрд теңге. Одан кейінгі орындарда Алматы облысы (71,7 млрд тг) және Алматы қаласы (58,4 млрд тг) тұр.

Ұлытау (6,2 млрд тг), Солтүстік Қазақстан (24,1 млрд тг) және Павлодар (24,8 млрд тг) облыстарында ең төмен көрсеткіштер тіркелді.

Меншік нысандарына тоқталсақ, мемлекеттік кәсіпорындар ең көп қызмет көрсетті: 744,1 млрд теңге. Бұдан әрі жеке (36,9 млрд теңге) және шетелдік кәсіпорындар (1,8 млрд теңге) орналасты.

Кәсіпорындардың көлемі тұрғысынан ең көп қызмет орташа компаниялардың үлесіне тиді: 439,7 млрд теңге. Шағын мекемелерде бұл көрсеткіш 270,8 млрд теңге болса, ірі кәсіпорындарда – 72,3 млрд теңге.

Тамыз айының қорытындысы бойынша орта білім беру қызметтерінің бағасы бір жыл ішінде 7,2%-ға артты.

Бағаның қымбаттағанын Атырау облысының тұрғындары қатты сезінді: 22%-ға. Антилидерлердің қатарында Шығыс Қазақстан (19,6%) және Жамбыл (18,2%) облыстары бар. Бағаның ең төмен жылдық өсімі Павлодар облысында байқалды: 0,8%-ға.

Бұдан бөлек елдегі 6 өңірде  – Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жетісу, Қарағанды және Ұлытау облыстарында баға өзгеріссіз қалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу