Орта бизнестің 48 субъектісіне 850 млн теңге кепілдік ұсынылды

772

Орта бизнестің 48 субъектісіне 850 млн  теңге кепілдік ұсынылды

Қызылорда облысында биыл шағын несиелерді беруге 2,2 млрд теңге қаржы бөлінді.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азамат Досжанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, аталған қолдау шараларының нәтижесінде аймақтағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму көрсеткіштері оң серпінге ие болған.  

2016 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша аталған салада 81 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылып, 158,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілген.   

"Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасын іске асыру үшін республикалық бюджеттен 1,6 млрд. теңге бөлінді. Жалпы бағдарлама шеңберінде 2016  жылы жалпы несие қоржыны 29,1 млрд. теңгені құрайтын 401 жоба субсидияланды, сондай-ақ шағын және орта бизнестің 48 субъектісі жалпы құны 850 млн. теңгеге кепілдік ұсынылды", - деді Азамат Досжанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу