Орта және жоғарғы басымдыққа ие тауарлардың тізбесі жасалды

827

Өнеркәсіпті қолдауға бөлінетін қаражат бір қорға біріктіріледі.  

Орта және жоғарғы басымдыққа ие тауарлардың тізбесі жасалды

Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өнеркәсіп саясаты департаментінің директоры Лаура Садықова мәлімдеді, деп хабарлайды inbussines.kz тілшісі.

Оның айтуынша, "Өнеркәсіптік саясат туралы" заң аясында жаңа 2 құрылым пайда болады. Соның бірі – өнеркәсіпті дамыту қоры.

"Өнеркәсіпті дамыту қоры өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну бойынша оператор болады. Қордың қаражаты мемлекеттік бюджет есебінен де, өндірушілер мен импорттаушылардың кеңейтілген міндеттемелерінен де, мемлекеттік емес және меншікті қаражат есебінен де қалыптасады", – деді

Лаура Садықова.

Департамен директорының түсіндіруінше, өнеркәсіп саласының жай-күйін, олардың даму болжамы мен мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы ақпаратты осы жүйе бір арнаға түсіреді.

"Отандық тауар өндірушілерді өндірілген өнімнің жаңа, неғұрлым күрделі бөлініске ауысуға ынталандыру үшін орта және жоғарғы басымдыққа ие тауарлардың тізбесі жасалды. Тізім 4 мыңнан астам тауардан тұрады. Барлық операторлар өндірістік кәсіпорындарды мемлекеттік ынталандыру кезінде осы тізімді басшылыққа алуға тиіс", – деді Лаура Садықова.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу