Орталық Азия елдері биылға су қорын өзара бөліп алды

401

Сырдария бассейнінен 1 жылға су алу лимиті 4,2 млрд текше метр. Халықаралық келісімге сай оның ең көп бөлігі 3,3 миллиарды Өзбекстанға кетеді. Екінші орында Қазақстан. 

Орталық Азия елдері биылға су қорын өзара бөліп алды Фото: informburo.kz

Еліміз биыл Сырдариядан 452 млн текше метр су ала алады. Қалғанын Тәжікстан мен Қырғызстан өзара бөліседі. Сонымен қатар, аймаққа ортақ Әмудария бассейнінің суы да бөліске салынған. Бұған дейін еліміздің аталған өзеннен алатын суы онсыз да аз еді. Ал биыл тіпті жоқ. Әмударияның су қорын Тәжікстан, Өзбекстан мен Түрікменстан бірігіп пайдаланбақ. Айта кететіні, бұл соңғы шешім емес. Сәуірде Орталық Азия елдері Душанбеде бас қосып, аграрлық маусымда халықты сумен қамтамасыз ету мәселелері тағы талқыламақ. 

"Трансшекаралық су ресурстарын басқару тақырыбы өзекті. Өйткені қазір аймақта су тапшылығы байқалады. Бұл мәселе өзара сенім мен ынтымақтастық деңгейінде шешілу тиіс. Сонымен қатар, алдағы уақытта Арал проблемасын да бірігіп қарастырамыз. Өзбекстан мен Қазақстан арасында тәжірбие алмасу болады", деді Орталық Азия халықаралық институтының бас ғылыми қызметкері Нозым Хасанов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу