Орталық Азия елдері көшбасшыларының кездесуі үшін қауіпсіздік шаралары күшейтілді

649

 Қырғызстан полициясы алдағы Орталық Азия мемлекеттері басшыларының саммитіне байланысты күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды Atameken Business.  

Орталық Азия елдері көшбасшыларының кездесуі үшін қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан Президенттерінің Консультативтік кездесуі 21 шілдеде Шолпан-Атада өтеді. Жүздесуде мемлекет басшылары өңірлік тұрақтылықтың қауіп-қатерімен жұмыла күресу, өзара іс-қимылын нығайту туралы пікір алмасады. Алайда қырғыз полициясы үшін кездесудің күн тәртібі емес, жоғары дәрежелі қонақтардың бас амандығы - аса маңызды. Оны қамтамасыз ету үшін Ыстықкөл облысына Шу және Нарын облыстарынан қосымша күш жіберіледі. Жалпы Консультативтік кездесудегі қауіпсіздіктің шырқы бұзылмауы үшін айыр қалпақты ағайынның ішкі істер министрлігіндегі мыңнан астам полицей кірпік қақпай қызмет етеді. Сондай-ақ солтүстік өңірдегі жол полициясы толықтай Шолпан-Ата мен делегаттар келетін Тамшы әуежайының жолына жұмылдырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу