Орталық Азия елдерінде бір адам тәулігіне 3 мың калория тамақ ішеді

816

Бұл - АҚШ халқымен салыстарғанда 800 калорияға аз.    

Орталық Азия елдерінде бір адам тәулігіне 3 мың калория тамақ ішеді Фото: ortcom.kz

Ourworldidata әлем халықтарының тұтынып жатқан азығын саралап, арнайы рейтинг жасады деп жазады inbusiness.kz ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Ең жоғары калориялы тағамды еуропалықтар сүйсіне жейтін болып шықты: орташа есеппен жан басына шаққанда тәулігіне - 3,4 мың ккал. Одан кейін Америка (адам басына орташа есеппен тәулігіне 3,3 мың ккал) және Океания (3,1 мың ккал) келеді.

Азия елдеріндегі тағамның калориялығы әлемдік орташа көрсеткішке сәйкес келеді. Ал Африка елдері әлемдік көрсеткіштерден әлдеқайда артта қалған. Африкалықтар жан басына шаққанда орташа есеппен тәулігіне небарі 2,6 мың калория тұтынады екен.

Ғалымдар 2020 жылы адамға қажетті энергия алу үшін тәулігіне 1,8 мың ккал жеткілікті деп белгілеген болатын. Әлемдегі тұтынылатын калориялардың орташа саны қажетті минимумнан айтарлықтай жоғары.

2019 жылы әлем халқын ақуыздармен қамтамасыз ету тәулігіне жан басына шаққанда 81,97 граммды құрады.  2010 жылы бұл көрсеткіш 78,24 грамм, 2000 жылы 73,45 грамм болған.

Ең жоғары көрсеткіш тағы да Еуропада (тағамдағы ақуыздың 103,68 грамм), ең төменгісі Африкада (65,15 грамм) болды.  Америкада бұл көрсеткіш – 96,14 грамм, Океанияда – 95,13 грамм, Азияда – 81,89 грамм болды.

"Тәуліктік норма әлемдік орташа деңгейден сәл жоғары болды: 82,52 грамм.  Жалпы алғанда, ақуызды тұтынудың тәуліктік көрсеткіші жылдан жылға артып келеді.  Мәселен, 2010 жылы бұл көрсеткіш 78,56 грамм болса, 2000 жылы 73,51 грамм болды" - делінген зерттеуде.

Бұған қоса 2019 жылы күніне орташа май қабылдау 86,76 граммға жеткен. 2015 жылы – 82,6 грамм, 2010 жылы – 79,69 грамм, 2005 жылы – 75,15 грамм, 2000 жылы – 71,99 грамм болыпты.

 Ең жоғары көрсеткіш Еуропада (тәуліктік рационда 132,97 грамм май), ең төмені Африкада (53,91 грамм) болды.  Макроөңірлердің көрсеткіштерінің айырмашылығы бірден 2,5 есені құрады.   Америкада бұл көрсеткіш 130,55 граммға, Океанияда 128,61 граммға, Азияда небәрі 80,47 граммға жеткен.

Адамға тәулігіне  87,34 грамм май тұтынуға болады.

Десе де әлем халқының шамамен 9,9%-ы аш (2019 жылғы деректер), жеген тамақтары тәуліктік нормаға жетпейді. 

Сарапшылар толыққанды тамақтанбау көрсеткіші жылдан жылға төмендеп келетінін айтады, мәселен 20 жыл бұрын бұл сан 13% құраған.

Әсіресе бұл проблема Африка халықтарын жүдеткен. Құрлықтағы халықтың 21% тойып тамақ ішпек түгіл, тәуліктік норманы жеген емес, ашығып отыр. Одан кейін Азия халықтары  (9%), Океания (6,2%) және Америка (5,8%) елдері тұр. Еуропада бұл көрсеткіш небәрі 1,3%-ды құрады.

Сарапшылар соңғы онжылдықтарда Азия мен Африкада калорияларды тұтынудың айтарлықтай өскенін, соның салдарынан тамақтанбау деңгейінің төмендегенін атап өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу