Президент еліміздің географиялық артықшылықтарын тиімді пайдалану қажет екенін айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Еліміз Еуропа мен Азия арасындағы негізгі әуе жолдарының түйіскен тұсында орналасқан. Біз осы ерекшелігімізді барынша тиімді әрі ұтымды пайдалануымыз керек. Орталық Азия және Оңтүстік Кавказ аймағында транзиттік жүк тасымалына байланысты бәсеке күшейіп барады. Сондай-ақ көлік-логистика саласына инвестиция тартуға қатысты талас қыза түсті. Біз де батыл әрі тиімді шешімдер қабылдауымыз керек. Әйтпесе қолда тұрған мүмкіндік пен артықшылықтан айырылып қалуымыз мүмкін, – деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.