Орталық Азияда инвестициялық серіктестік құрылғаны жөнінде бірлескен мәлімдеме жарияланды

1176

Қазақстан, АҚШ және Өзбекстан үкіметтері Орталық Азияда инвестициялық серіктестік құрылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Қазақстандағы АҚШ елшілігі мен консулдығының ресми сайтында хабарланды. 

Орталық Азияда инвестициялық серіктестік құрылғаны жөнінде бірлескен мәлімдеме жарияланды

Үш мемлекет өзара инвестициялық серіктестікті құра отырып, бұл бастамаға басқа мемлекеттерді де үн қосуға шақырды.

"Осы бастама шеңберінде АҚШ-тың Халықаралық даму қаржы корпорациясы (ДҚК), Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүддесі үшін әрекет ететін "Астана" халықаралық қаржы орталығы және Өзбекстан Республикасы Орталық Азиядағы экономикалық байланыстарды нығайтып, аймақтардағы жеке секторды дамытатын жобаларды қолдау үшін бес жыл ішінде кемі 1 миллиард АҚШ долларын тартуға бар күш-жігерін салады. Осылайша серіктестер жобалардың табысы мен оң әсерін мейлінше арттырып, аймақтарды өркендетуге қосымша жеке инвестицияны жұмылдырады", – деп жазылған мәлімдемеде. 

Хабарламада сондай-ақ, Орталық Азиядағы инвестициялық серіктестік осы аумақтағы барлық елдің өзара байланысын нығайтуға мүмкіндік беретіні, мұндай қадам COVID-19 індеті салдарынан болған экономикалық зардапты қалпына келтіруге де ықпал ететіні айтылған.

Бірлескен мәлімдеме барысында АҚШ-тың Халықаралық даму қаржы корпорациясы мен "Астана" халықаралық қаржы орталығы және Өзбекстан Республикасы өзара екіжақты түсіністік меморандумдарына қол қойып, инвестициялық қорлар мен басқа да екіжақты жобаларға қолдау көрсету жөнінде келісімге келді.

Қымбат Нұрғали

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу