Орталық Азияда ыстық күндер көбейеді – зерттеу

606

Климаттың өзгеруі Орталық Азияның азық-түлік қауіпсіздігіне айтарлықтай әсер етеді.  

Орталық Азияда ыстық күндер көбейеді – зерттеу Фото: gazeta.uz

Дүниежүзілік банк осындай болжамын жариялады, деп жазады inbusiness.kz сйты.

Дүниежүзілік банк келтірген деректерге сүйенсек, 2050 жылы Орталық Азия мен Еуропаның кейбір мемлекеттерінде ыстық күндердің саны 70-ке дейін ұзарып, температура 50 градустан төмендемейді. Бұл адам өміріне қауіп төндіріп, өлім-жітімді арттыруы мүмкін.

Авторлардың пайымдауынша, аптаптың салдары біраз елдің ішкі жалпы өнімін шамамен 2,5 пайызға төмендетуі ықтимал. Алдағы 50 жылда климаттың өзгеруінен Орталық Азия елдерінде су тапшылығы ерекше сезілетін болады.

Дүниежүзілік банк ыстықтан қорғанудың бірден бір амалы жасыл желекті көбейтіп, инфроқұрылымды соған икемдеудің жолдарын ұсынбақ. Аптап ыстық адамның жұмыс істеу қабілетін төмендететіні анық.

"Демек қазірден бастап салаға жаңа технология еңгізудің маңыздылығы жоғары", – дейді зерттеу авторлары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу