Орталық Азиядағы ең бай мегаполис мәртебесі қай қалаға тиесілі

1286

Дағдарысқа қарсы шаралар кешені Алматының 100 мыңнан астам кәсіпкерін қамтыды. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев инвестициялық форум аясында айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Орталық Азиядағы ең бай мегаполис мәртебесі қай қалаға тиесілі

"COVID-19 пандемиясы кезінде туризм, көлік және логистика салаларында жұмыс пен кіріс айтарлықтай төмендеді. Жұмыс орындарын сақтау үшін шұғыл түрде дағдарысқа қарсы шаралар кешені қабылданды, оның ішінде салықтан босату, жалдау ақысын төлеу, несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді шегеру және субсидиялау бар. Дағдарысқа қарсы шаралар кешені қаланың 100 мыңнан астам кәсіпкерін қамтыды", – деді Мұхит Әзірбаев.

Спикердің сөзінше, дағдарысқа қарамастан Алматы Орталық Азиядағы ең бай мегаполис мәртебесін сақтап қалды. 

"Жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) 16,7 мың долларды құрады, қала экономикасының көлемі 32,5 млрд доллардан асты. Бұл Қазақстанның ЖІӨ-нің 20%-ы және ел бюджетіне түсетін салықтың төрттен бір бөлігін (25%) құрайды", – деп атап өтті Алматы әкімінің орынбасары.

Оның айтуынша, мегаполис экономикасының 52%-дан астамын ШОБ құрайды, онда 10 алматылықтың 6-ы жұмыс істейді.

"Алматының еңбек нарығы кең, жоғары кадрлық әлеует бар. Қаланың жұмыс істейтін халқының 74%-дан астамы жоғары білімді. Біз қаламызды ақылды, қауіпсіз, өмір мен жұмыс үшін ыңғайлы және жайлы ету үшін бар күшімізді саламыз", – деді Мұхит Әзірбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу