Орталық сайлау комиссиясына Дариға Назарбаеваның өтініші түспеген

1066

ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі Дариға Назарбаеваның депутаттық мандатын тапсырғаны туралы ақпарат бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Орталық сайлау комиссиясына Дариға Назарбаеваның өтініші түспеген

"Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметінде Дариға Назарбаеваның өтініші туралы ақпарат жоқ. Еске салайық, бүгін БАҚ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева мандатын тапсыратыны туралы ақпарат таратқан болатын. Әдетте ондай өтініш Орталық сайлау комиссиясына түскен жағдайда комиссия отырысында қаралып ол туралы мәлімет бірден сайтта жарияланады", – деп түсіндірілген Мәжілістен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу