Орташа жалақы 144 мыңтеңгеден 176 мың теңгеге дейін өскен

737

Жамбыл облысында атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 19 мыңға қысқарды. 

Орташа жалақы 144 мыңтеңгеден 176 мың теңгеге дейін өскен Фото: inbusiness.kz

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірде атаулы әлеуметтік көмек алушылардың азайғанын жеткізді. Олардың біразы жұмысқа орналасса, бірқатары өз кәсібін ашу үшін гранттар алған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Биылғы жылдың бес айының қорытындысы бойынша "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында 23,2 мың адам жұмыспен қамтылды, 16,4 мың жаңа жұмыс орны құрылған. Оның 7,3 мыңы – тұрақты. 426 адам жалпы 1,5 млрд теңге көлеміндегі шағын несие алды, өз кәсібін жаңа бастаған 3 мың кәсіпкерге қайтарымсыз грант берілді. Аймақтағы атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 69 мыңнан 50 мың адамға, яғни 19 мыңға дейін қысқарды", – деді өңір басшысы. 

Бердібек Сапарбаевтың айтуынша биыл облыс халқының жалақысы да өскен. 

"Жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құрайды. Орташа жалақы биылғы жылдың бірінші тоқсанында 144 мыңнан 176,9 мың теңгеге дейін өсті", – деді облыс әкімі. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу