Өртенген үй: Солтүстік Қазақстан облысында 13 адам эвакуацияланды

385

Оқиға орнында зардап шеккендер жоқ. 

Өртенген үй: Солтүстік Қазақстан облысында 13 адам эвакуацияланды Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Өрт сөндірушілер Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданының М. Жұмабаев  атындағы аудан орталығындағы тұрғын үйдегі өрттен 13 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарып, эвакуациялады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ресми мәліметтерге өрт туралы ақпарат 1 қаңтар күні сағат 13:21-де келді. 5 минуттан кейін кезекші қарауыл сол жерге келіп, адамдарды құтқаруға және өртті сөндіруге кірісті.

Оқиға кезінде өрт сөндірушілер Нұрсұлтан Шунгульшин мен Ерлан Мыжиканов 7 адам, соның ішінде 4 әйел мен 3 баланы құтқарды.

Өрт сағат 13:50-де толығымен жойылды. Оқиға орнында құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.                                                                                                           

Сонымен қатар, қарауылдың жеке құрамы жанып жатқан пәтерден 27 литрлік газ баллонын шығарды. Сол үйде тұратын аға лейтенант Ғалымжан Байбусин өрт сөндірушілер келгенге дейін қолда бар құралдармен өртті сөндіру шараларын қабылдап, өрт сөндірушілерге адамдарды эвакуациялауға жәрдем берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу