Орыс сыныптары қазақ тілінен емтихан тапсырады: Министр бір жылда не өзгергенін айтты

572

Былтырдан бастап орыс сыныптары қазақ тілінен емтихан тапсырып келеді. 

Орыс сыныптары қазақ тілінен емтихан тапсырады: Министр бір жылда не өзгергенін айтты Фото: Алексей Мальгавко

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев орыс сыныптарында мемлекеттік тілден емтихан тапсыруға міндеттеу қандай нәтиже бергенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Былтырғы талдау қазақ тіліне деген қызығушылықтың артқанын көрсетті. Біріншіден, бұл осы пәнді жауапкершілікпен оқытуға әкелді, оң нәтижелер бар. Аталмыш емтиханның нәтижесі қызығушылық пен үлгерім деп ойлаймын. Емтихан жалғасын табады. Жалпы алғанда, аталмыш емтиханды өткізудегі өзгерістер бойынша қандай да бір ескертпелер мен шағымдар жоқ", - деді Ғани Бейсембаев.

Сөзінше, мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсыру механизміне өзгерістер енгізу жоспарланып отырған жоқ.

"Қазір түбегейлі өзгерістер болмайды. Біз биылғы емтихандардың нәтижесін қараймыз. 2-3 жылдан соң дұрыс талдау жүргізілуі мүмкін. Себебі нақты шешім қабылдау үшін уақыт керек", - деді Оқу-ағарту министрі Үкіметтің баспасөз брифингінде.

Айта кету керек, осыған дейін Ғани Бейсембаев сынып жетекшілеріне төленетін ақы неге өспей жатқанын айтқанын жазғанбыз. 1 қыркүйектен бастап студенттердің стипендиясы өседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу