"Өшпенділік тілінің" алдын алу және мониторингі әдістемелік құралы шықты

580

Ол мемлекеттік қызметкерлерге арналған. 

"Өшпенділік тілінің" алдын алу және мониторингі әдістемелік құралы шықты Фото: ult.kz

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен, "MediaNet" Халықаралық журналистика орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілерге арналған "Өшпенділік тілінің" алдын алу және мониторингі жөніндегі әдістемелік құралдың таныстырылымы өтті, деп жазады inbusiness.kz Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Әдістемелік құралды қазақстандық және шетелдік сарапшылар халықаралық және қазақстандық құқық қағидаттары негізінде әзірледі.  Ол қоғамда "өшпенділік тілінің" алдын алу және мониторингі мәселелерінде мемлекеттік қызметшілердің кәсібилік деңгейін арттыруға практикалық көмек көрсетуге бағытталған", делінген ақпаратта.

Іс-шараға қатысқан Ақпарат министрлігі, Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин өз сөзінде, интернет кеңістіктегі ақпараттық өрістің мониторингін ұйымдастырудағы әдістемелік құралдың ерекше өзектілігін атап өтті.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу