ОСК: Мәжіліс мандатының 30 пайызы әйелдер, жастар және мүгедек жандарға берілуі тиіс

529

Мәжіліс мандатының 30 пайызы әйелдер, жастар және мүгедек жандарға берілуі тиіс. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтың сөзінше осы 3 санат "сайлау туралы" заңда қарастырылған. Соңғысы, яғни мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қатысты квота биыл бірінші рет қолданылады. Саяси партия жетекшілері осы талапты бұлжытпай орындауы тиіс.

ОСК: Мәжіліс мандатының 30 пайызы әйелдер, жастар және мүгедек жандарға берілуі тиіс Фото: almaty.tv

"Бұл норма депутаттық мандатты бөлу кезінде де қолданылады. Санаттағы өкілдердің  әйелдердің, жастардың, мүгедек адамдардың саны жиынтығы бойынша партия алған депутаттық мандаттардың жалпы санының кемінде 30 пайызын құрауға тиіс. Саяси партиялар өкілдерінің назарын тиісті сайлау рәсімдерін жүргізу барысында сайлау заңнамасының осы нормаларын да қатаң сақталуына назар аудартамын", деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу