ОСК: Нұрлан Әуесбаев мемлекеттік тілді еркін меңгерген

806

Президент сайлауына үміткер Нұрлан Әуесбаев мемлекеттік тілді білуі бойынша емтихан тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ОСК: Нұрлан Әуесбаев мемлекеттік тілді еркін меңгерген Фото: ЖСДП баспасөз қызметі

Лингвистикалық комиссия кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін үш бағыт бойынша анықтады: шығарма жазу, қазақ әдебиеті классиктерінің шығармасынан үзінді оқу және кандидаттың таңдаған тақырыбына көпшілік алдында сөз сөйлеуі.
Отырыстың қорытындысын Лингвистикалық комиссияның төрағасы, филология ғылымдарының докторы, профессор Әділ Ахметов баяндады.


"Кандидат "Түркістан – ер түріктің бесігі" тақырыбына шығарма жазды. Жазба жұмысы мазмұны, стилі, емлесі, тыныс белгілері бойынша бағаланды. Екінші тапсырма бойынша Жүсіпбек Аймауытұлының "Ақбілек" романынан ауызша үзінді оқыды. Үшінші тапсырма бойынша "Ана тілім – асыл қазынам" тақырыбына ойын ауызша баяндады",  деді Ә.Ахметов. 

Емтихан қорытындысы бойынша Лингвистикалық комиссия Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат мемлекеттік тілді еркін меңгергендігі туралы ашық дауыспен бірауыздан шешім қабылдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу