ОСК Respublica партиясынан жаңа депутатты тіркеді

334

12 ақпанда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, "Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты А.А.Қошмамбетовті тіркеу туралы" қаулы қабылданды.  

ОСК Respublica партиясынан жаңа депутатты тіркеді Фото: ҚР ОСК баспасөз қызметі

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 6-тармағына, 98-бабына сәйкес және Respublica партиясы қоғамдық бірлестігінің Орталық кеңесінің 2024 жылғы 7 ақпандағы № 5 хаттамадан үзінді көшірмеге сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етті:

1. Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі депутатының бос мандаты Respublica партиясы қоғамдық бірлестігінің мүшесі Айтуар Асқарұлы Қошмамбетовке берілсін.

2. Айтуар Асқарұлы Қошмамбетов Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты болып тіркелсін.

3. Айтуар Асқарұлы Қошмамбетовке белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.

"Отырыс барысында ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық Заңның 24-бабына сәйкес депутаттың өкілеттігі оны Орталық сайлау комиссиясы тіркеген кезден басталатынын хабарлады" - Орталық сайлау комиссиясы.

Нұрлан Әбдіров Айтуар Асқарұлына белгіленген үлгідегі куәлік пен омырауға тағатын белгіні табыстап, оған депутаттық корпустағы жұмысына сәттілік тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу