ОСК төрағасы Н.Әбдіров: Мәжілістің 30% мандатын мүгедектігі бар адамдар да иеленуі тиіс

487

Төрағаның айтуынша, бұл өзгеріс алғаш рет осы науқанда қолданысқа енеді.      

ОСК төрағасы Н.Әбдіров: Мәжілістің 30% мандатын мүгедектігі бар адамдар да иеленуі тиіс Фото: election.gov.kz

Саяси партия өкілдеріне сайлау барысында осы нормаларды қатаң сақтау ескертілді.

Жаңадан сайланатын Мәжіліс мандатының 30 пайызы әйелдер, жастар және мүгедек жандарға берілуі керек. Бүгін бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты.

"Сайлау туралы" Конституциялық заңда Мәжіліске сайлау кезінде саяси партиялардың тізіміндегі әйелдер мен жастарға үшінші санат өкілдері қосылды. Ол – мүгедектігі бар адамдар. Үш санаттың жалпы квотасы 30 пайыздан кем болмауы керек, - деді Нұрлан Әбідров комиссия отырысында.

"Сонымен қатар, бұл норма депутаттық мандатты бөлу кезінде де қолданылады. Санаттағы өкілдердің – әйелдердің, жастардың, мүгедек адамдардың саны жиынтығы бойынша партия алған депутаттық мандаттардың жалпы санының кемінде 30 пайызын құрауға тиіс.

Саяси партиялар өкілдерінің назарын тиісті сайлау рәсімдерін жүргізу барысында сайлау заңнамасының осы нормаларын да қатаң сақталуына назар аудартамын", - деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу