Өскемен әкімі нанның қымбаттауына жол бергендерді жазалады

841

Шаһар басшысы Жақсылық Омар нан бағасының қымбаттауы жауапты мамандардың дұрыс жұмыс істей алмауынан екенін айтады.

Өскемен әкімі нанның қымбаттауына жол бергендерді жазалады

Өскемен қалалық кәсіпкерлікті дамыту, ауыл шаруашылығы сынды бірнеше бөлімінің басшысы мен қала әкімінің орынбасары нанның күрт қымбаттауына қатысты дер кезінде шара қолданбағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды altaynews.kz.

Облыс орталығында бірінші сортты нан 10 пайызға қымбаттап кеткені белгілі, яғни 90 теңгеге жеткен. Шаһар басшысы Жақсылық Омар нан бағасының қымбаттауы жауапты мамандардың дұрыс жұмыс істей алмауынан екенін айтады.

"Жағдайда алдын ала болжап, кәсіпкерлермен келісуге болар еді",– дейді ол.

Қазір бұл іске қатысты арнаулы жұмыс тобы құрылып, олар үш наубайханамен келісіпті. Енді әлеуметтік бағамен нан сатылатын дүкендер 65 теңгемен сатады. 

Сондай-ақ қазір ұн тартушы акционерлік қоғамдармен ұнның бағасын тұрақтандыруға қатысты келіссөз жүргізілуде екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу