Өскемен-Алтай тасжолында көлік аударылып, 1 адам көз жұмды

1002

Шығыс Қазақстан облысындағы Өскемен-Алтай тасжолында көлік жыраға құлап, 1 адам қаза болды, деп хабарлайды  inbusiness.kz порталы  

Өскемен-Алтай тасжолында көлік аударылып, 1 адам көз жұмды

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қайғылы оқиға бүгін таңертең "Өскемен-Алтай" тасжолының 16-шақырамында болған.

"29 жастағы ер адам Lexus көлігімен Өскеменге қарай келе жатқан. Жылдамдықты рұқсат етілген шектен асырып жіберген ол рульді басқара алмай қалғанда көлігі жыраға құлап, аударылып түсті", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Көлік жүргізушісі ауыр жарақаттары салдарынан көз жұмды. Сондай-ақ зардап шеккен 19 жастағы жолаушы ауруханаға жатқызылған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен (абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу