Өскемен және Шүлбі ГЭС-терінің мемлекетке тиесілі үлесі "Самұрық-Қазына" қорына берілді

704

Үкімет қаулысына сәйкес құжат қолданысқа енгізілді  

Өскемен және Шүлбі ГЭС-терінің мемлекетке тиесілі үлесі "Самұрық-Қазына" қорына берілді Фото: paryz.kz

Онда "Ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілген тиісті саланың уәкілетті органының оң салалық қорытындысын алған жағдайда, "Өскемен ГЭС"ЖШС және "Шүлбі ГЭС" қатысудың мемлекеттік үлестері "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ акцияларына ақы төлеуге берілсін", - делінген, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы ҚР мен БАӘ 6 млрд долларға бірлескен жобаларды жүзеге асыру туралы үкіметаралық келісімге қол қойылған болатын.

Стратегиялық инвестициялық жобалардың арасына  "Самұрық-Энерго" АҚ 49%-ын иеліктен шығару, " Екібастұз ГРЭС-1, Екібастұз ГРЭС-2 "АҚ, " Мойнақ ГЭС", АҚ "Шардара ГЭС жаңғырту, ЖЭО-2 АҚ "Алатау Жарық Компаниясы" және өзге де объектілерді қоршаған ортаға әсерін барынша азайта отырып қайта жаңғырту кірді.

Келісім шеңберінде Қазақстан Үкіметі "Шүлбі ГЭС" ЖШС және "Өскемен ГЭС" ЖШС жарғылық капиталындағы мемлекеттік қатысу үлестерінің 100%-на дейін Әбу-Даби инвесторлар консорциумына және қазақстандық инвесторларға тікелей атаулы сатуды жүзеге асыруға ниетті болды. 2022 жылдың қаңтарында үкімет БАӘ-мен энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы заң жобасын алып тастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу