Өскемен қаласында автобус жүргізушісі рөлде отырып жан тапсырды

214

Қайғылы оқиға автобус Бажов көшесімен жүріп келе жатқан сәтте болған.  

Өскемен қаласында автобус жүргізушісі рөлде отырып жан тапсырды Фото: gov.kz

Жолаушылар автобусын тізгіндеген жүргізуші жолда келе жатып қайтыс болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 57 жастағы жүргізушінің жағдайы күрт нашарлап кеткен. Оны көрген екінші жүргізуші дереу жедел жәрдем қызметін шақырған. Алайда, дәрігерлер келгенге дейін ер адам қайтыс болды.

Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Жолаушылардың айтуынша, жүргізуші жолға шығар алдын өзін жайсыз сезінгенін айтып, бұрын жүрегіне ота жасалғанын ескерткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу