Өскемен маңындағы екі жол учаскесі жабылды

532

3 қаңтарда автокөліктің барлық түрлері үшін Өскемен-Семей мен Өскемен-Алматы жолдарының автомобиль учаскелері жабылды.  

Өскемен маңындағы екі жол учаскесі жабылды Фото: egemen.kz

Абай облысы әкімдігінің хабарлауынша, көлік құралдарының барлық түрлері үшін Өскемен-Семей (10-198-уч.), Өскемен-Алматы (971-1068-Қалбатау ауылы-Қасым Қайсенов кентінің бұрылысы) жолдарының автомобиль учаскелері жабылды, деп жазады Inbusiness.kz.

ТЖМ автожолдардағы боранға байланысты алыс қашықтыққа, әсіресе түнгі уақытта шығудан бас тартқан дұрыс болатынын ескертеді. Сапар алдында автомобильдің техникалық жарамдылығын тексеріп, ауа-райы мен дауыл туралы ескертулерге құлақ салған жөн.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу