Өскемен мен Шүлбі ГЭС-теріндегі мемлекет үлесі "Самұрық-Қазынаға" берілмек

692

Үкімет Өскемен мен Шүлбі ГЭС-теріндегі мемлекет үлесін "Самұрық-Қазына" қорының жарғылық капиталын төлеуге беруді жоспарлап отыр. 

Өскемен мен Шүлбі ГЭС-теріндегі мемлекет үлесі "Самұрық-Қазынаға" берілмек

Үкімет қаулысының тиісті жобасы "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған, жария талқылау 3 қазанға дейін жалғасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Түсіндірме жазбада жобаны қабылдау "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ " АҚ-ның гидроэнергетикалық компанияларды тиімді басқаруына ықпал ететіні атап өтілген.

Айта кетейік, 2021 жылғы қарашада Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев БАӘ инвесторлары Қазақстандағы баламалы энергетика мен газ генерациясын дамытуға 6 млрд доллардан астам инвестиция салуға дайын екенін хабарлады.

Оның айтуынша, БАӘ инвесторларымен Ертіс каскады - Шүлбі (жалпы қуаты - 702 МВт) және Өскемен (367,8 МВт) екі ГЭС-інде 74,99% акцияны сату туралы келіссөздер жүргізілді. Екі станция да "Самұрық-Энерго" мемлекеттік өндіруші компанияның құрамына кіреді.

2022 жылғы қаңтарда Қазақстан үкіметі аталмыш ГЭС-терге БАӘ-ден инвестиция тарту туралы ойынан айнып, мәжілістегі заң жобасын кері қайтарып алды. Қаржы министрлігі ГЭС-терді жекешелендірмейтінін мәлім етті.

Айта кету керек, екі ГЭС-тің жекешеленуіне қоғамда қарсылық туындаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу