Өскемен – Семей тас жолында күнбағыс майын тиеген жүк көлігі аударылды

486

Жүргізуші жүкті қайта тиеу үшін жол-жөнекей өткен адамдардан көмек сұраған.   

Өскемен – Семей тас жолында күнбағыс майын тиеген жүк көлігі аударылды Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан күнбағыс майын тиеген ауыр жүк көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты YK-news.kz порталына сілтеме жасап.

Апат Ұлан ауданы аумағында, Өскемен – Семей тас жолында болған.

Камаз көлігі жол жиегіндегі кюветке аударылып, жүк сыртқа төгілген. Оқиға орнынан өтіп бара жатқан азамат жүргізушіге көмектесу үшін бейнежазба түсіріп, бейжай қарамайтын жандарды жүк көлігін аударып, тауарды қайта тиеуге шақырған.

"Мұнда Камаз аударылып қалды. Оны кюветтен шығарып, жүктi қайта тиеуге көмек қажет. Ешкім жоқ, көмектесейік. Бірнеше жүргізуші тоқтады, күш біріктірейік", – деді ер адам.

Аталған жағдайға ШҚО Полиция департаменті пікір білдірді.

"Жүргізуші көлікті басқару кезінде жол жағдайын ескермей, көліктің кюветке аударылуына жол берген. Оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 620-бабының 1-бөлігіне сәйкес ескерту жасалды. Қазіргі уақытта күнбағыс майы салынған қораптар басқа жүк көлігіне тиеліп жатыр", – деп хабарлады ШҚО ПД.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу