Өскемен тұрғыны Алакөлдің балшығының келісін 2 мың теңгеден сатып жатыр

1748

Алакөлден ат терлетіп әкелген балшықтың сатылатыны туралы жарнаманы өскемендік тұрғын интернетке жариялаған, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы жергілікті altaynews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Өскемен тұрғыны Алакөлдің балшығының келісін 2 мың теңгеден сатып жатыр

Ол бес литрлік пластикалық бөтелкеге толтырылған балшықты сатпақ.

"Бұл Алакөлдің емдік қасиеті бар балшығы. Мұны қолданғаннан кейін теріңіз жасарып, серпімді және сау болады. Сонымен қатар көптеген тері ауруларын емдеуге көмектеседі", – деп жарнамалады ол тауарын. 

Оның айтуынша, "ғажайып балшықтың" бір келісі – 2000 теңге.
"Алакөлдің балшығы бұған дейін де сатылып келген. Жергілікті тұрғындар мұнымен көптен бері айналысады. Олар балшықтың келісін 1000 теңгеге сатады", – дейді "саудагер" қала тұрғыны.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу