Өскемен зауытындағы жарылыс: Бектенов жағдайды жеке бақылауына алды

532

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Өскемен зауытындағы жарылыс: Бектенов жағдайды жеке бақылауына алды Фото: Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектенов Өскемендегі зауыттардың бірінде болған жағдайды жеке бақылауына алды. Құзырлы мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы билікке тапсырма берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Өскеменде болған жарылысқа қатысты таңертең қажетті тапсырмаларды бердім. Төтенше жағдайлар, Экология министрліктері, облыс әкімдігі қажетті шаралар қабылдап, маған баяндаңыздар. Мәселе менің жеке бақылауымда болады", – деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Айта кету керек, бұған дейін Өскеменде кәсіпорын аумағында жарылыс болғанын жазғанбыз. Оқыс жағдайға байланысты жедел штаб құрылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу