Өскемен жұрты жарықсыз қалды

690

Өскемен жұрты жарықсыз қалды

Өскемендегі шағын стансалардың бірінде жоғары вольтті құрылғы істен шығып, апатты жағдай туындады. Мамандар тағы бес стансаның жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған, деп хабарлайды 24.kz.

Соның салдарынан 40 мың абонент жарықсыз қалды. Апаттың себебін арнайы комиссия анықтап жатыр. Алдын-ала болжамға сүйенсек, төтенше жағдайға 70 жылдан бері жұмыс істеп тұрған жоғары кернеулі желілердің әбден тозуы себеп болуы мүмкін.

Қалада жарықтың болмауы жол қозғалысын реттейтін бағдаршам жұмысына да кері әсерін тигізіп, көлік қозғалысын тұралатқан. Су тоғандары электр қуатымен жұмыс істейтіндіктен, бірқатар абонент суық сусыз қалған. Дәл қазір мамандар жағдайды қалпына келтіріп жатыр.

"Ол жерде желілер тұтанғандықтан, өрт сөндірушілерді шақыруға тура келді. Мамандар жедел әрекет етіп, апаттың салдарын жойды. Бірақ шағын стансаны толық іске қосу үшін басқа электр желілерін де уақытша өшіруге тура келді", – дейді энергетикалық компаниясының өкілі Руслан Қарманов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу