Өскеменде 2 адам өзенге батып кетті

544

Екіншісін іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Өскеменде 2 адам өзенге батып кетті Фото: gov.kz

Алдын ала мәлімет бойынша, 23 жастағы екі жігіт Согра шағын ауданында өзенге шомылуға барған. Алайда екеуі де суға батып кеткен, дейді inbusiness.kz сайты.

Құтқарушылардың хабарлауынша, бір адамның мәйіті табылған. Ал екіншісін іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

– 2003 жылы туған ер адамды іздестіру жүргізілуде. Оған сүңгуірлер мен дрондар жұмылдырылды, – деп мәлімдеді Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Құтқарушылар өңір тұрғындары мен қонақтарын судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу